АймақБас тақырыпҚарағанды

Қарағандыда мектептерге лаңкестік әрекет жасаймын деген адам іздестірілуде

Таңертеңнен әлеуметтік желілерде Қарағандыда лаңкестік әрекет жасаймын деп қауіп төндірген белгісіз адамның хабарламасы тарап кетті. Белгісіз біреу мектептерде лаңкестік әрекет дайындалып жатқанын және 700 оқушы зардап шегеді деп хабарлаған.

Сурет: ortcom.kz

Қазіргі таңда барлық оқу орындарында күзет күшейтілді. Ата-аналар бұл жайтқа алаңдаушылық білдіріп жатыр. Полиция осы жағдайға қатысты түсінік берді.

– Қазіргі уақытта құзыретті органдармен бірлесіп осы ақпаратты таратқан адамдарды анықтау бойынша жедел іс-шаралар жүргізілуде. Оқу орындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, оның ішінде бейнебақылау және оларға жақын полиция нарядтарын ұлғайту арқылы қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды. Осы жылдың басынан бері осындай жалған хабарламалар көрші мемлекет пен Қазақстанның бірқатар қалаларында таралды. Бұл әдейі халық арасында дүрбелең туғызуға арналған хабарламалар. Азаматтардан арандатушылыққа берілмеуін және тыныштық сақтауын сұраймыз! Жағдай құқық қорғау органдарының бақылауында, – деді облыстық полиция департаменті мамандары.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button