Жаңалықтар

Қарағандыда кәсіпорын қызметкері металл тиелген екі вагонды ұрлап әкеткен

Қарағанды қаласының Октябрь аудандық полиция бөліміне металлургия өндірісімен айналысатын кәсіпорын басшылығы  белгісіз адамның тепловоздың көмегімен металл тиелген екі жүк вагонын ұрлап кеткені туралы шағым түсірді. Келтірілген шығын сомасы 8,5 млн теңгені құрады.

Сурет: inbusiness.kz сайтынан

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері 30 жастағы ер адамды, кәсіпорын қызметкерін ұстады. Ол жасаған қылмысын мойындап,  ұрланған металды өз мақсаты үшін пайдалануды көздегенін айтты. Қазіргі таңда  ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button