Қарағандыда инвестициялық бағдарлама аясында құбырлар ауыстырылуда
Қарағандыда 13 сәуірден бастап инвестициялық бағдарлама аясында «Қарағанды Су» ЖШС бригадасы Жағалау (Насыпная) көшесіндегі су құбыры желісін ауыстыру жұмыстарын жүргізуде.
– Бүгінгі таңда аталмыш көшеде ұзындығы 770 метр су құбыры желісі ауыстырылуда. Болат құбырдың орнына диаметрі 315 миллиметр болатын жаңа полиэтилен құбыры салынуда. Құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін міндетті технологиялық іс-шаралар, одан кейін дезинфекциялау жұмыстары жүргізіледі, – дейді «Қарағанды Су» ЖШС өкілдері.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz