Спорт

Қарағандыда ХVІ облыстық жазғы спартакиада жалауы желбіреді

Қарағандыда қала әкімдігінің ұйымдастырумен спорт күніне арналған «Арай-2023» облыс аумағындағы қалалардың спортшылары арасындағы ХVІ облыстық жазғы спартакиада басталды. Ауқымды сайыстың салтанататты ашылуы Қарағанды орталық саябағының жазғы сахнасында өтті.

қарағанды спорты

Спартакиада ашылуынан соң қатысушылар мен көрермендер тараған жоқ. Олар түрлі ойын-сауық бағдарламасына отандық Сергей Цырульниковтың, «Мозаик Лайф Бэнд» тобының және өзге де көңілді қойылымдарға куә болды.

Спартакиадаға Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Приозерск, Саран және Шахтинск қалаларынан 600-ге жуық спортшы қатысуда. Олар армрестлинг, волейбол, қазақ күресі, жеңіл атлетика, үстел теннисі, шағын футбол, жазғы Президенттік көпсайыс, пауерлифтинг, тоғызқұмалақ, шахмат, дойбы, асық ату (бес асық)   спортынан сайысқа түсуде.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button