Жаңалықтар

Қарағандыда есірткі тасымалдап жүрген Ресей азаматы ұсталды

Қарағанды полицейлері есірткі қойып кетіп жүрген Ресей азаматын қолға түсірді. Ол өзінің есірткі сатумен айналысып жүргенін мойындады, деп хабарлайды Ortalyq.kz Polisia.kz.  сайтына сілтеме жасап.

Қарағанды қалалық полиция басқармасы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қаладағы гараждардың аумағынан 24 жастағы азамат ұсталды. Ол өз еркімен ұнтақ тәрізді ақ түсті заты бар 18 орамды берді. Ұсталған азамат осыған дейін бірнеше жерге есірткі жасырып үлгергенін мойындады. Оның айтуымен оқиға орындарына жүргізілген тексеріс жұмыстары барысында полиция қызметкерлері тағы да 32 орам ақ түсті ұнтақ заттарды тәркіледі.

– Күдікті есірткі сатумен айналысып жүргенін мойындады. Ол өзінің Ресей азаматы екенін және бұл «жұмысқа» әлеуметтік желі арқылы орналасқанын айтты. Сараптама қорытындысына сәйкес, Ресей азаматынан тәркіленген зат 30,1 грамм есірткі заты екені белгілі болды, – деді облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин. 

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында ұсталған азаматтың Ресей Федерациясында есірткі сатқаны үшін іздеуге жарияланғаны анықталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button