Жаңалықтар

Қарағандыда бір түнде екі өрт шықты

Олардың бірі – Майқұдықтағы 14-шағынауданда, екіншісі – Степной-3 шағын ауданында шықты. Екі жағдайда да өрт құрбандары мен зардап шеккендер жоқ.

 

Өрттің себептері әлі анықталуда, – деді Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

14-шағынаудандағы өрт туралы хабарлама 26 шілдеде сағат 22.06-да келіп түскен. Мұнда үйдің жанында жалпы ауданы 40 шаршы метр қоқыс контейнерлеріндегі қоқыс өртенген. Өрт 22.30-да сөндірілді.

Степной-3 шағын ауданындағы өрт салдарынан 56 шаршы метр аумақта «Тандыр Нан» ғимаратының ішіндегі шатыр мен жабынның ағаш жәшігі, жиһаз және тұрмыстық техника өртенді. Өрт 27 шілдеде таңғы сағат 4.54-те шыққан. Өрт сағат 5:28-де сөндірілді.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button