Бас тақырыпЖаңалықтар

Қарағандыда балаларға арналған оңалту орталығы ашылды

Көпсалалы облыстық балалар ауруханасында «Қамқорлық» оңалту орталығының салтанатты ашылуы өтті. Балаларға арналған оңалту орталығы барлық заманауи стандарттарға сай жабдықталған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше жаңа орталық жыл сайын неврологиялық және басқа да патологиялар бойынша көмекке мұқтаж 3 пен 18 жас аралығындағы 600 балаға қызмет көрсете алады.

Суреттер; www.gov.kz

Орталықта реабилитологтар, логопедтер, психологтар, дефектологтар, жаттығу терапиясының нұсқаушылары сынды кәсіби мамандар жұмыс істейді.

Орталық заманауи тұз және шунгит бөлмелері, сенсорлық және интерактивті бөлмелер, механотерапия және вертикализацияға арналған құрылғылар, гейзер ванналары және т.б. құрал-жабдықтармен жабдықталған.

«Атланта костюмдері» мен «Корвит» аппараты сияқты инновациялар жоғары сапалы кешенді терапияны қамтамасыз етеді. Бұл орталық өңірдегі балаларға медициналық көмек көрсетуді жақсарту, олардың сауығуы мен емделуіне қолайлы жағдай жасау жолындағы маңызды қадам болмақ.

Аталмыш медициналық мекеме аймақтағы нейро-ортопедиялық ақауы бар балаларға көмек көрсететін алғашқы мекеме. Міндетті медициналық сақтандыру жүйесі есебінен жас пациенттер оңалту емінен тегін өтеді.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button