Бас тақырып

Қарағандыда Қазақстанда жоқ нөсер кәрізін салады

Қарағандыда еуропалық технология бойынша нөсер кәріздері салынады. Бұндай кәріздер ел аумағында да жоқ. Құрылғының құрылымы мүлдем басқа, беті жабық әрі пайдалануға да ыңғайлы. Плиталары 60 тоннаға дейінгі жүктемеге төтеп бере алады. Яғни, кез-келген жүк көлігінің өзі оны сындыра алмайды.

Қала әкімі Мейрам Кожухов өзінің әлеуметтік парақшасында «Біз өте маңызды, көптен күткен, әрең дегенде қолымыз жеткен нысанды салып жатырмыз. Осы уақытқа дейін азап шегіп, күшіміз бен ақшамызды жұмсадық. Жүйкемізді тоздырдық. Қыста қар шығардық, көктемде суды бұруға тырыстық. Соған қарамастан, үйлер су астында қалып қоя берді. Сол кездер есіме түссе, денем түршігеді» деп жариялап, жақсы жаңалықпен бөлісті.

– Ақыры күткенімізге қол жеткіздік. Жобаны жасадық, енді жүзеге асыруға кірісеміз. Атап айтқанда, Мұнай базасы аумағында жаңадан нөсер кәрізін орнатамыз. Тұрғындар бұл жерде көктемде жағдай қандай болатынын біледі. Құрманғазы, Орская, Резник, Районная және тағы да басқа көшелерді еріген қар суы басып кететін, – деді қала басшысы.

Мейрам Мұратұлының айтуынша, науаларды жеткізуге қатысты белгілі бір проблемалар бар. Жұмысты бастап кетуге қолбайлау болып отырғаны осы ғана. Мердігерлер күзде жоспарлы жұмыс орындалады деп сендіруде.

«Әрине, орындалады! Жұмысты аяқтаудан басқа амал жоқ» деді қала басшысы.

Ербол ЕРБОЛАТ,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button