Бас тақырып
Қарағандыда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Қарағандыда 24 қазанда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңкеге аудандардан 500 тоннадан астам көкөніс, ет, балық және сүт өнімдері жеткізіледі. Сатылымға шығатын ең көп өнім – картоп, яғни, 340 тоннасы жәрмеңкеде саудаланады деп күтілуде. Жәрмеңке сағат 9:00-де Global City сауда орталығының аумағына өтеді.
Сонымен қатар, 175 мың тонна тауық жұмыртқасы, 16 тонна сүт өнімдері шығарылмақ. 52 тонна ет, жеті тонна балық және 110 тонна басқа да көкөніс түрлері әкелінеді. Бал, шұжық, қолөнер бұйымдары мен басқа да дүниелерді осы жәрмеңкеден төмен бағамен ала аласыздар.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz