Жаңалықтар

Қарағандыда ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған «Жасөспірімдер үйі» ашылды

«Жасөспірімдер үйінің» ашылуына жетекшілік еткен «SOS Қазақстанның балалар ауылы» қоры. Жаңа үйдің бір пәтерін «Халық» қайырымдылық қоры «SOS Теміртау қаласы балалар ауылының» түлектеріне сыйға тартты.

балалар ауылы

Жасөспірімдер үйі Қарағандының Оңтүстік-Шығысындағы «Ұлытау» тұрғын үй кешенінде ашылды. Қайырымдылық қоры ауданы 140 шаршы метрді құрайтын төрт бөлмелі пәтерді алуға 51 млн. теңге жұмсаған. Ал, пәтердің жөндеу жұмыстары «SOS Қазақстанның балалар ауылы» қорының есебінен жүргізілді. Керекті жиһаздар да осы қордың демеушілігімен алынды. Бүгінде бұл пәтерде 16-18 жас аралығында жеті бала тұрады.

– Жаңа әрі жайлы жасөспірімдер үйінде 16-18 жас аралығындағы жеті бала тұратын болады. «Балалар ауылының түлектері» үшін «жасөспірімдер үйін» құру арқылы қала өміріне бейімдеп, толыққанды отбасын құра алатын деңгейге жеткізгіміз келеді. Қазір олар Қарағанды қаласындағы университеттер мен колледждерде білім алуда. Жасөспірімдер үйіне көшу олардың қоғамға кедергісіз бейімделуін қамтамасыз етеді. Бұл олардың өмір сүру сапасын жақсартып, алаңсыз оқуын оқып, мамандық алып, жақсы өмір сүруге деген ынталарын оятады, – дейді «Халық» қайырымдылық қорының басқарушы директоры Нариман Әбілшайықов.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button