Жаңалықтар

Қарағандыда қалааралық бағытта қатынайтын автобустардың саны артпақ

Қарағандыдағы №3 автопарктің қатары жаңа автобустармен толықты. Сатып алынған 60 автобустың 34-і қалаішілік бағытта қатынайтын №40, 43, 53 және 118э автобустарының қатарын толықтырды. Енді автопарк 16 қазанға дейін тағы 20 автобус алып, оларды Қарағанды–Топар және Қарағанды–Абай бағытына қоюды жоспарлап отыр.

 

– Кейіннен алынған 60 жаңа автобустың 20-сын №3 автопаркке табыстап, қалааралық бағытта қатынайтын автобустардың қатарын көбейттік. 16 қазанға дейін «Қарағанды–Топар» және «Қарағанды–Абай» бағытында жолға шығады. Жаңа автобустар мүмкіндігі шектеулі жандар үшін де өте қолайлы. Стандартқа сәйкес пандусы және жүргізушіні шақыру түймесі бар, – деді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мамандары.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button