Қарағандыда «ақылды бағдаршамдар» іске қосылады
Қарағандыда наурыз айында бағдаршамдарды жасанды интеллект толығымен басқаратын болады. Бұл жол кептелістерімен күресуге және трафикті жақсартуға көмектеседі. Жүйені енгізу барысы туралы қала әкімі Мейрам Кожухов облыс әкімдігінің аппарат отырысында баяндады-, деп хабарлайды ortalyq.kz.
– Наурызда «Ақылды бағдаршам» жүйесін енгізуді толығымен аяқтауды жоспарлап отырмыз. Бүгінгі таңда барлық қажетті жабдықтар келіп жетті. Қазір оны монтаждау және барлық бағдаршамдарды жасанды интеллектпен үйлестіру жүріп жатыр, – деді қала әкімі.
Жаңа жүйе көлік ағынының қарқындылығын ескере отырып, қиылыстардағы қозғалысты реттейтін болады.
Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев жұмысты жеделдетуді тапсырды.
Мейрам Кожухов сондай-ақ 34 жаңа бағдаршам мен 10 сфералық айнаны орнату жоспары туралы хабарлады. Бұдан басқа, бағдаршамдар үшін үздіксіз қуаттандыру көздері орнатылады.
Материалды әзірлеген: Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ