Бас тақырып

Қарағандыда 1,5 мың жұп заңды некесін бұзған

Қазақстан ажырасу жағынан алғашқы үш елдің қатарына кіреді. Отандастарымыз да тұрмыс құрып, үйленуге асықпайды. Былтыр елімізде бар болғаны 120 мың жұп некесін заңдастырған. Ал, бұл – ең төменгі көрсеткіш, деп хабарлайды Ortalyq.kz Ranking.kz сайтына сілтеме жасап.

Сурет: 365info.kz сайтынан

Сарапшыларының айтуынша, республика бойынша ең көп шаңырақ көтергендер жағынан Алматы көш бастап тұр. 13 мың жұп некесін заңдастырған. Ал, Түркістан облысында отбасы құрғандар саны айтарлықтай аз. Сондай-ақ, алғашқы үштіктің қатарында Астана да бар. Басқа өңірлермен салыстырғанда Ұлытау облысында ең аз неке тіркелген.

Десе де Ұлытауда ажарысулар саны да көп емес. Мысалы, Ұлытау облысында 198 ерлі-зайыпты ажырасса, Қарағанды мен Астанада 1,5 мың жұп заңды некесін бұзған. Ажырасудың ең жоғары коэффициенті Алматы қаласында тіркелді.

Осылайша, ажырасу саны бойынша әлемдік рейтингте Қазақстан ІІ орында тұр. Бұл тізімде көш бастап тұрған Мальдив аралдарында ажырасу көрсеткіші тіпті жоғары. Статистика бойынша алғашқы ондыққа Ресей, Беларусь, Қытай, Молдова, Украина, Литва, Кипр және АҚШ кірді.

Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button