Қарағанды жарықсыз қалды: Министрлік тергеу жүргізеді

«Қарағанды Жарық» ЖШС жүйесіндегі бүгінгі апаттың себебін Энергетика министрлігінің комитеті анықтайтын болады.

– Министрліктің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қарағанды ЖЭО-3-тегі технологиялық бұзушылықты тергеумен айналысады, – делінген мәліметте.

Ведомство ақпаратына сүйенсек, бүгін «Қарағанды-Энергоцентр» ЖШС-ға тиесілі ЖЭО-3-тің 220 кВ-тық Ашық тарату құрылғысында қысқа тұйықталу және Қарағанды ЖЭО-3 пен Топар ГРЭС байланыстыратын 110 кВ электр беру желілерінің одан әрі шамадан тыс жүктелуі салдарынан аталған электр станцияларында генерацияның толық төмендеуі орын алды. Өндірістің төмендеуіне байланысты Қарағанды қаласы мен Қарағанды облысының өнеркәсіптік тұтынушылары бойынша шамамен 350 МВт шектеулер енгізілді.

Төтенше жағдай салдарынан қаланың бірқатар бөлігі су мен жарықсыз қалды, интернет байланысы үзілді. Полицейлер жол бойындағы қозғалысты реттеуге шықты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.