Қарағанды-Теміртау тас жолында жол көлік апаты болды

«Қарағанды-Теміртау» тас жолында «Лада Приора» көлігі қарсы жолаққа шығып кетіп, бағанаға соғылған.

Жүргізуші мен екі жолаушы аман қалған, бірақ зардап шеккендер бар. Зардап шеккендердің бірі омыртқа жарақатын алды.

Апат кеше, 29 наурыз күні сағат 17.30-дар шамасында «Қарағанды – Теміртау» тас жолында болған. Қарағанды облысы Полиция департаментінің мәліметінше, көлік жүргізу кезінде «Лада Приора» автокөлігінде дөңгелектің герметизациясы болған. 26 жастағы жүргізуші көлікті басқара алмай, қарсы жолаққа шығып кетіп, бағанаға соғылып, кейін көлік аударылған.

Көлік қатты зақымданған. Абырой болғанда жүргізуші мен жолаушылар аман қалған.

Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккендердің барлығы Теміртау қаласының орталық ауруханасына жеткізілгенін мәлімдеді.

– 1979 жылы және 1996 жылы туған зардап шегушілердің миы шайқалған және омыртқалары сынып травматология бөліміне жатқызылды. Жағдайлары қанағаттанарлық. 2004 жылы туған жолаушы амбулаториялық емделуге жіберілді, – дейді дәрігерлер.

Жол көлік оқиға фактісі полицияда тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша шешім қабылданады.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.