Білім

Қарағанды тұрғындары мен студенттері таңдау жасады

Бүгін, 6 қазанда Е.Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінде ұйымдастырылған референдум учаскесінде белсенді дауыс беру үдерісі жалғасуда. Іс-шара позитивті реңкте және тастүйін ұйымдастырылған атмосферада өтуде. Бұл дайындықтың жоғары деңгейін айқындайды.

Суреттерді түсірген автор

Таңертеңнен бері шамамен 600-ге тарта адам дауыс берсе, шаңқай түсте дауыс берушілер саны едәуір өскен. Студенттер, оқытушылар және жергілікті тұрғындар елдің энергетикалық қауіпсіздігі тақырыбына үлкен қызығушылық танытады. Референдумға қатысушылардың көпшілігі мұны ұзақ мерзімді тұрақтылыққа бағытталған қадам екенін атап өтті.

Байқау комиссияларының өкілдері дауыс беру тыныш, ешбір тәртіп бұзушылықсыз өтіп жатқанын атап өтіп, Қазақстанның энергетикалық саясатының болашағына елеулі әсер етуі мүмкін процеске белсенді қатысқаны үшін барлық қатысушыларға алғаусыз алғыстарын білдірді.

Референдум жалғасуда, әрі күннің соңына дейін  дауыс берушілер саны 2500 адамға дейін артады деп күтілуде.

– Иә, Қазақстанда атом электр станциясы жөніндегі референдум біздің энергетикалық тәуелсіздігіміздің болашағын талқылауда ел жылнамасының жаңа парағын ашты. Бүгінде адамдардың белсенді қатысуын бақылай отырып, өз басым бұл жай ғана дауыс беру ғана емес, азаматтық қоғамның жетілуінің көрінісі, оның тұрақты және қауіпсіз болашаққа деген ұмтылысы деп бағамдар едім. Адамдар нақты көзқарастармен келеді. Олар өз елінің энергетикасы үшін жауапкершілік алуға даяр. Қарағанды университетінің оқытушылары және студенттерінің көпшілігі технологиялық дамудың жаңа деңгейіне шығу мүмкіндігін қолдайтыны аңғарылады, – деп ағынан жарылды Тәттімбет атындағы академиялық қазақ халық аспаптар оркестрінің бас дирижері Ерлан Бақтыгерей.

Ерқанат КЕҢЕСБЕКҰЛЫ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button