Қарағанды полицейлері колледж студенттері арасында нашақорлықтың алдын алу жұмыстарын жүргізді
2023-2025 жылдарға арналған нашақорлыққа және нашақорлыққа қарсы күрестің кешенді жоспарын жүзеге асыру аясында облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы кинологиялық қызмет көрсету орталығымен және білім басқармасымен бірлесіп, қаладағы колледж жатақханаларында профилактикалық рейдтер ұйымдастырды.

Іс-шаралар барысында студенттерге есірткіге қарсы кітапшалар таратылып, заңды тұрғыдан түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, есірткінің заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілікті қарастыратын қылмыстық кодекстің нормалары атап өтілді.
Студент жастар тәртіп сақшыларына көмек көрсетуге дайын екендіктерін жеткізіп, есірткі сайттарына сілтеме жасаған немесе наркокурьерлердің жұмысына қатысты граффитилерді жою акциясына қатысты.
Полиция есірткінің кез келген транзакциясы үшін 10 жылдан өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейінгі қылмыстық жазалар барын ескертті.
Жалпы, жыл басынан бері облыста 450 келі есірткі тәркіленіп, 77 адам ұсталған. Оның төртеуі кәмелетке толмағандар. Сондай-ақ, шарада облыстық полиция департаментінің киберполиция бөлімшелері есірткіге қатысты 65 сайтты бұғаттағанын жеткізді.
І. ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ