Қарағанды облысының жедел медициналық жәрдем бригадасы Семейде өтетін спартакиадаға қатысады

2023 жылғы 11 тамызда Абай облысының орталығы – Семей қаласында жедел медициналық жәрдем бригадаларының II республикалық спартакиадасы өтеді. Аталған спартакиадаға Қарағанды облысының жедел медициналық жәрдем қызметі бригадасының мамандары да қатысады.

Жедел медициналық жәрдем қызметі бригадаларының спартакиадасында еліміздің барлық өңірлерінен командалар бақтарын сынайды.

Шараның мақсаты – жедел медициналық көмек көрсету сапасын және Қазақстан Республикасы жедел медициналық қызмет медицина қызметкерлерінің кәсіби дағдыларын жетілдіру.

Клиникалық станциялар бойынша жедел медициналық жәрдем бригадаларының жарыстары жедел коронарлық синдром, полижарақат, балалар реанимациясы және жаңа туған нәрестені реанимациялаумен үйде босану және т. б. кезінде жедел медициналық көмек көрсету сияқты түрлері бойынша өткізіледі.

Семей қаласындағы жедел медициналық жәрдем бригадаларының II республикалық спартакиадасы жергілікті билік органдарының қолдауымен өтетінін айту керек.

Салтанат ІЛИЯШ,

Ortalyq.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.