Жаңалықтар

Қарағанды облысының өзендерінде мұз жару жұмыстары жалғасуда

Қарағанды облысының өзендерінде су тасқынына қарсы профилактикалық іс-шаралар аясында мұзды жару жұмыстары жалғасуда. Көктемгі мұздың жылжуы кезінде кептелу құбылыстарының алдын алу және тасқын суларының апатсыз өтуін ұйымдастыру бойынша шаралар қабылдануда.

27 наурызда Қарқаралы ауданы Тегісшілдік ауылдық округіндегі Жарлы өзенінде жарылыс жұмыстары жүргізілді. Мұзды ұсақтау 650 шаршы метр аумақта жүргізілді.

Бұған дейін Бұқар жырау ауданындағы және Теміртау қаласының маңында Нұра, Өткелсіз өзендерінде, Осакаров ауданындағы Сабырқожа өзенінде мұзды ұсақтау, бұрғылау және кесу жұмыстары жүргізілді.

Жүргізілген жұмыстар өзен арналарының өткізу қабілетін арттыруға, еріген су мен мұз массаларының кедергісіз өтуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

– Балаларды ересектердің бақылауынсыз өзендерге жібермеуге және су қоймаларының маңында мал жаюын шектеуге шақырады. Мұздың астына түсу, сондай-ақ бөліну қаупі бар. Автокөлікпен мұзға шықпаңыздар. Абай болыңыздар!-,деп ескертеді Төтенше жағдайлар департаменті.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button