Қарағанды облысының шалғайдағы станцияларына «Жәрдем» медициналық пойызы жолға шығады
Қарағанды облысының шалғайдағы станцияларында (аудандарында, ауылдарында) тұратын тұрғындардың назарына облыстық Денсаулық сақтау басқармасы маңызды ақпаратты хабарлайды.
«Жәрдем» медициналық пойызының қозғалыс кестесіне сәйкес Сіз заманауи диагностикалық жабдықтарда (УДЗ, флюорография және т.б.) тегін тексеруден және негізгі медициналық мамандықтардың білікті мамандарынан (терапевт, стоматолог, офтальмолог, лор-дәрігер, хирург, уролог, маммолог, педиатр) емделуден өте аласыз.
«Жәрдем» медициналық пойызы шағын операциялық бөлмемен, зертханамен, Интернетке сымсыз қосылуға арналған байланыс құралдарымен жабдықталған.
«Самұрық-Қазына» АҚ және «Қазақстан темір жолы» АҚ әлеуметтік жобалар қорының аталмыш әлеуметтік жобасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен жүзеге асырылуда.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның бастамасы бойынша алғаш рет кәсіби және тәжірибелі медиаторлар мен заңгерлер тартылатын болады, сондай-ақ тиімді психологиялық, құқықтық және медиативтік (татуластыру) көмек көрсету бойынша қызметтер тегін ұсынылатын болады.
Сізге азаматтардың мемлекеттік әлеуметтік қолдау алу, зейнетақы, жәрдемақы, әлеуметтік төлемдер және атаулы әлеуметтік көмек алу құқықтарын қорғау мәселелері бойынша тегін кеңестер беріледі.
Азаматтарды қабылдау сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін үзіліссіз жүргізіледі.
Қосымша ақпарат алу үшін аумақтық емханаға хабарласыңыз.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
ortalyq.kz