Медицина

Қарағанды облысының медициналық мекемелеріне медициналық сақтандыру қорының басшысы келді

“Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры” КЕАҚ Басқарма төрағасы Сәбит Ахметов жұмыс сапарымен Қарағанды облысында болып қайтты. Ведомство басшысы қалалық және ауылдық медициналық мекемелерді аралады.

 

Қор басшысының ат басын тіреген бірінші нысаны Осакаров орталық аудандық ауруханасы болды. Мұнда 2020 жылы Нұра және Осакаров аудандарынан созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарды емдеу үшін гемодиализ орталығы ашылған. Өткен жылы ауруханада КТ аппараты орнатылды, рентген аппараты бар, зертханалық зерттеулердің барлық қажетті түрлері жүргізілуде.

 

Содан кейін Сәбит Ахметов Теміртау орталық ауруханасының жұмысымен танысты. Мұнда сегіз бөлім жұмыс істейді, олардың барлығы толық жабдықталған. Өткен жылы ауруханаға өз қаражаты есебінен жылжымалы рентген орнатылған. Медициналық мекемеде зертхана, ультрадыбыстық, КТ және МРТ аппараттары бар. Қарқынды терапия бөлімшесінде шұғыл көмек көрсету үшін барлық жағдайлар жасалған.

Қарағанды облыстық клиникалық ауруханасында қор басшысына медициналық ақпараттық жүйенің интеграциясы туралы айтылды.

– Бізде кешенді медициналық ақпараттық жүйенің интеграциясы жолға қойылған. Бұрын қызметкерлер екі жүйеге де кіріп, дәрі-дәрмектерді қолмен есептеуге мәжбүр болды. Бұл олардың жұмысын едәуір қиындатты. Қазір жүйелердің көмегімен “Құжат” ақпараттық жүйесі арқылы жұмыс процестері оңтайландырылды, – деді Облыстық клиникалық аурухананың директоры Ержан Нұрлыбаев.

Әрі қарай Сәбит Ахметов №15 қалалық емхана – “VIAMEDIS” ЖШС-де болды. Мұнда 29 дәрігерлік учаске және 70 төсектік күндізгі стационар жұмыс істейді. 2023 жылдың қаңтарында консультативтік-диагностикалық бөлімше ашылды, онда пациенттер МӘМС шеңберінде мамандандырылған медициналық қызметтерді ала алады. Сәулелік диагностика бөлімшесіне арналған жабдықтар, КТ, МРТ, УДЗ, флюорография, маммограф аппараттары бар.

Сапар соңында Қор басшысы аудандық және қалалық медициналық ұйымдардың басшыларымен кеңес өткізді, онда қаржыландырудан бастап ақпараттық жүйелердің жұмысына дейінгі медициналық көмекті ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button