Ресми

Қарағанды облысының әкімі ерекше қажеттілігі бар балалардың ата-аналарымен кездесті

Облыс әкімі Ермағамбет Бөлекпаев ерекше қажеттілігі бар балалардың ата-аналарымен кездесіп, мәселелерін талқылады. Одан бөлек, кәмелетке толмаған және мүмкіндігі шектеулі балаларға әлімжеттік жасаудың алдын алу бойынша әңгіме өрбітті. Сонымен қатар, облыстың мектеп-интернаттарындағы спорт секцияларында бейінді мамандардың жетіспеушілігі және моноқалаларда түзету сабақтар өткізу мүмкінді төмендігі баса айтылды.

Мүмкіндігі шектеулі жан

Осы мәселелерді шешу мақсатында Саран қаласында ерекше балаларға арналған мектеп-интернатта 50 балаға арналған түзету кабинеті ашылатынын мәлімдеді. Сонымен қатар, жаңа жылдан бейімді жүзумен тағы 15 баланы қамтуды жоспарланып отыр.

– Жақында интернеттен шетелдіктердің зағип қызға баскетбол турнирі кезінде допты торға салуға көмектесіп жатқан балалардың бейнежазбасн көрдім. Допты торға салу үшін әлгі балалар сақинаның жанынан дыбыс береді. Мінекей, біз де ерекше балаларға осындай көзқарас қалыптастыруымыз қажет, – деді аймақ басшысы.

Қарағанды медицина университеті мен медицина колледжінің базасында амбулаториялық оңалту мамандарын оқыту басталады. Ал, моноқалаларда жұмыс істеп жүрген мамандар қайта оқытудан өтеді. Теміртауда «Қазақстан халқына» қорының қаражаты есебінен №11 жалпы білім беретін мектеп базасында инклюзияны қолдау кабинетін ашу жоспарланып отыр. Одан бөлек, ПДТ және ойлау қабілеті бұзылған балалар үшін арнайы сыныптар ашылмақ.

Балаларды оңалтудың Ұлттық орталығына кезекке қою үшін электрондық портал әзірленіп жатыр. Әр емханада мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар үшін арнайы чат құрылады. Егер қандайда бір мәселе туындаған жағдайда чат арқылы кеңес алып, мәселесін сол жерде көтере алады.

Мүмкіндігі шектеулі жандардың тағы бір мәселесі – көп қабатты үйлердің алдындағы пандустардың болмауы. Бар болған күнде, көбісі стандартқа сай келмейді. Салдарынан мүмкіндігі шектеулі жандардың көбі өз еркімен сыртқа кедергісіз шығып, қалаған жеріне бара алмай отыр. Осы мәселені аймақ басшысы тиісті органдарға арнайы тексеруді тапсырды.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button