АймақБас тақырыпҚарағанды

Қарағанды облысының автожолдарындағы су тасқыны салдарынан бірнеше жол жабық

Қарағанды облысы аумағында су тасқынымен күрес әлі де жалғасуда. Облыстық ТЖД мәліметінше, Қарағанды облысында 6 жол учаскесінде, оның ішінде екі республикалық, бір облыстық маңызы бар және үш жергілікті маңызы бар жолдарын су шайып кету, жол жамылғысының бұзылуы және еріген судың жол жиегінен асып кетуі тіркелген.

Суреттер: облыстық ТЖД

1. Ақтоғай ауданы, облыстық маңызы бар Ақтоғай – Нұркен автожолының 57-ші шақырымында еріген қар суының көп мөлшерде ағуы нәтижесінде жол жамылғысын шайып кеткен (ені 6 м, тереңдігі 2 м). Жол учаскесі жабық, Ақтоғай ауылы арқылы балама жол бар.
2. Ақтоғай ауданы, Нарманбет – Қошқар автожолының 86-шы шақырымында Қаршығалы өзеніндегі су деңгейінің көтерілуі және еріген судың мөлшері көбеюі салдарынан жолдың көлік жүретін бөлігін (ені 12 м, тереңдігі 1 м) шайып кеткен. Қошқар ауылына апаратын жол жабық, елді мекенге қауіп төніп тұрған жоқ.
3. Бұқар жырау ауданы, Бастау – Ақтау – Теміртау республикалық маңызы бар автомобиль жолының 25-ші шақырымында, Нұра стансасының қорғаныс білігіне түсетін жүктемені азайту үшін жол учаскесін бұзу жұмыстарына байланысты, жол жабық.
4. Шет ауданы, Нұраталды ауылдық округі, Шопа ауылына кіреберіс жолында (жергілікті маңызы бар жол), Шерубай-Нұра өзенінің қары еріп, су деңгейінің көтерілуі нәтижесінде су тасқыны (ені 300 м, тереңдігі 20 см) орын алды. Шопа ауылына жол жүру шектелген. Төтенше жағдайлар департаментінің «ЖҚЖ» ММК қажет болған жағдайда тұрғындарды тасымалдау үшін кезекшілік ұйымдастырылды. Елді мекенге қауіп төніп тұрған жоқ.
5. Қарқаралы ауданы, республикалық маңызы бар Қарағанды – Аягөз – Бұғаз автожолының 168 шақырымында жолдың үстімен еріген қар суы ағып жатыр (ұзындығы 70, тереңдігі 5 см). Көлік қозғалысы тоқтатылған жоқ. Су басу қаупі жоқ.
6. Шет ауданы, Ақжал ауылынан Алматы-Екатеринбург тас жолына дейінгі жергілікті маңызы бар автожолдың 12 шақырымында еріген қар суы жолдың үстімен ағып жатыр (ені 150 м, тереңдігі 15– 20 см). Жол учаскесі жабық.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button