Бас тақырыпКоронавирус

Қарағанды облысының қалалары мен аудандарында электронды рұқсаттамасыз жүруге болады

4 мамырдан бастап Қарағанды облысының елді мекендерінің ішінде еш кедергісіз жүруге болады. Бұған дейін енгізілген электронды рұқсаттама алынып тасталды. Әйтсе де, бұл жеңілдік әзірге Теміртау қаласы үшін жарамсыз. Металлургтер шаһарының тұрғындары үшін карантиннің ерекше тәртібі сақталады.

Қазіргі таңда облыстың қалалары мен аудандары арасындағы блок бекеттер өз жұмысын жалғастырады. Қаладан сыртқа шығу үшін электронды деректер базасында мәліметтердің болуы талап етіледі.  

Айта кетейік, бұған дейін Теміртау қаласынан басқа елді мекендерде бірқатар нысандардың жұмысы қайта басталатыны хабарланған болатын. Атап айтқанда,  шаштараздар мен сұлулық салондары (алдын ала жазылу бойынша), ақша айырбастау пункттері, ауданы 500 шаршы метрден аспайтын азық-түлік емес дүкендер, фотосалондар, гүл дүкендері, газет дүңгіршектерінің жұмысына рұқсат берілді. Сондай-ақ,  стоматологиялық кабинеттер мен клиникалар да алдын ала жазылу тәртібімен жұмыс істей алады. Бұдан бөлек, микроқаржы және сақтандыру ұйымдары, жарнама агенттіктері, жылжымайтын мүлік компаниялары, баспаханалар, ломбардтар, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар кәсіпорындары, жеке сот орындаушылары, заңды және нотариалдық кеңселер қызметін қайта іске қосады.

Далада жеке спорттық сабақтар мен жаттығуларға рұқсат етіледі.

Басқа материалдар

Back to top button