Жаңалықтар

Қарағанды облысының ақпараттандыру басқармасында жаңа басшы

Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және мұрағаттар басқармасының басшысы тағайындалды. Ведомствоны Константин Павлович Ильницкий басқарады.

Константин Ильницкий 1986 жылы Қарағандыда дүниеге келген. Жоғары білімі, ақпараттық технологиялар және менеджмент саласында магистр дәрежесі бар. Халықаралық Бизнес-академиясын “ақпараттық жүйелер” және “экономика” мамандықтары бойынша, Дүниежүзілік технологиялық университетті “менеджмент” мамандығы бойынша және Халықаралық ақпараттық технологиялар университетін “ақпараттық жүйелер” мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2006 жылы Қарағанды бизнес, басқару және құқық университетінде зертханашы болып бастаған. 2006 жылдан 2008 жылға дейін Халықаралық Бизнес Академиясында жүйелік техник болып жұмыс істеді. Содан кейін Сарыарқа әуежайында жүйелік инженер болған.

2009 жылдан 2019 жылға дейін – “ҰАТ” АҚ Ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу басқармасының аға инженері, содан кейін бастығы лауазымын атқарған.

2019 жылдан бастап мемлекеттік қызметте.

Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және мұрағаттар басқармасында түрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 2020 жылдан бастап осы тағайындауға дейін осы ведомство бастығының орынбасары болып қызмет атқарған.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button