Жаңалықтар

Қарағанды облысында жастарға жеңілдетілген шағын несие алуға өтінімдер қабылдау басталды

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты  Жолдауындағы тапсырмасын орындау мақсатында жастар кәсіпкерлігін дамыту үшін  2,5% жеңілдікпен шағын несиелендіру жобасы әзірленді.

Сурет: time.kz

Шағын несиелер 35 жасқа дейінгі жастарға беріледі. Мақсатты пайдалануға байланысты микрокредиттің мерзімі 5 жылды құрайды. Мал шаруашылығымен айналысуды жоспарлағандар үшін – 7 жыл.

Қарыздың ең жоғары сомасы 5 миллион теңгеге дейін. Қарыз алушы үшін міндетті шарт – кепілмен қамтамасыз етудің болуы және салық органдарында жеке кәсіпкер ретінде кемі 5 жыл тіркелуі керек.

Негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең микрокредиттеу мерзімі үштен бірінен аспайды.

Жеңілдікті қарыз алу үшін «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Қарағанды филиалына жүгіну қажет. Несие алу үшін төмендегідей құжаттар топтамасы керек:

  • Жеке куәлік;
  • Бизнес-жоспар;
  • Жеке шоттың болуы туралы анықтама;
  • Жалақыны растайтын құжат;
  • Бағалау туралы есеп;
  • Кепілмен қамтамасыз ету жөніндегі құжаттар.

 Осыдан кейін бизнес-жобаны бағалау жүргізіледі. Оған 15 жұмыс күні бөлінген. Бұдан әрі оң қорытындылар алған үміткерлердің құжаттары конкурстық комиссияның қарауына жіберілетін болады. Бұл үшін тағы 3 жұмыс күні бар. Егер жоба қызықты және нәтижелі болса, онда жас кәсіпкер презентациясымен бірге қорғауға шақырылады. Нәтижесінде жеңілдікті бағдарламаның талаптарына сәйкес шартқа қол қойылады.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button