Жаңалықтар

Қарағанды облысында Zhas Project шағын гранттар конкурсына өтінімдер қабылдау басталды

Қарағанды облысында Zhas Project әлеуметтік жобасы екінші рет жүзеге асырылуда. Биыл 14 адам миллион теңгеге дейін грант алады. Байқауға әлеуметтік осал топтардың 18 жастан 35 жасқа дейінгі жастары қатыса алады.

 

Басты мақсат – NEET санатындағы жастарды әлеуметтік-экономикалық өмірге және нәтижелі жұмыспен қамтуға тарту.

Zhas Project-ке қалай қатысуға болатыны жайлы «Қазақстанның экологиялық қоры» қоғамдық қорының төрағасы Айгүл Әбдуалиева Өңірлік коммуникациялар қызметі платформасында өткен брифингте айтып берді.

Конкурстың ережесімен zhasproject-karaganda-kostanai.kz веб-порталында танысуға болады. Әлеуетті қатысушылар веб-ресурста жеке тіркеуден өтіп, сауалнаманы толтырып, қажетті құжаттарды тіркеуі керек.

 

 –  Конкурсқа өтінім беру үшін жеке куәліктің көшірмесін, электрондық үкімет порталындағы жеке кабинеттен облыс аумағында тіркелгенін растауы, қатысушының осал мәртебесін растайтын құжаттарды тіркеу қажет. Жобаларды іріктеу екі кезеңнен тұрады: техникалық және конкурстық комиссияның шешімін шығару, – деп түсіндірді Айгүл Әбдуалиева.

Комиссия құрамына қоғамдық ұйымдардың, әкімдіктердің, мәслихаттардың, оқу орындарының өкілдері, журналистер мен блогерлер кіреді, деп хабарлады спикер. Ашықтықты қамтамасыз ету үшін жобаларды қарау веб-ресурста қашықтан жүзеге асырылатын болады.

Конкурс жеңімпаздары гранттық қаражатты жеке өзі басқара алмайды. Ақша арнайы құрылған жобалық кеңсенің балансында болады, ол қатысушылармен келісім бойынша гранттық өтінім сметасында көрсетілген тауарлар мен қызметтер үшін дербес төлем жасауға міндеттенеді.

 –  Жобаға қатысқаннан кейін барлық сатып алынған жабдықтар мен тауарлар қатысушыларда қалады. Мұндай төлем әдісі қатысушылардың өз жобаларын іске асыруға көбірек қатысуы және қаржылық құжаттарды рәсімдеуде қиындықтарға тап болмауы үшін қарастырылған, – деп толықтырды Айгүл Әбдуалиева. – Жергілікті халықтың әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін практикалық қызығушылық пен маңызға ие жастар идеялары мен жобаларына қолдау көрсетілетініне назар аударуды сұраймыз.

Қосымша ақпарат алу үшін үміткер +7777 870 2700 нөмірі бойынша жобалық кеңсенің call-орталығына жүгіне алады.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button