Жаңалықтар

Қарағанды облысында “Үздік ауыл әкімі” таңдалды

Қарағанды облысында “Үздік ауыл әкімі” байқауының қорытындысы шығарылды.

Жеңіске Қарқаралы ауданы Балқантау ауылдық округінің басшысы Аслан Рахымбергенов жетті.

“Үздік ауыл әкімі” республикалық байқауының өңірлік кезеңін Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаменті ұйымдастырды. Конкурсқа өтінімдер Қарқаралы, Нұра, Осакаров және Шет аудандарының ауыл әкімдерінен келіп түсті.

Қатысушылар комиссия назарына ауыл тұрғындарының өмірін жақсартуға бағытталған өз жобаларын ұсынды және оларға сеніп тапсырылған аумақтардың әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешу әлеуеті туралы баяндады.

Комиссия мүшелері қатысушылардың портфолиосын, жобаларын зерделеп, жеңіске Қарқаралы ауданы Балқантау ауылдық округінің әкімі Аслан Рахымбергенов жетті.

– Мен Қарқаралы ауданының тумасымын. Екі жоғары білімім бар. Экология, экономика және бизнес бакалавры, – дейді Аслан Рахымбергенов. – Еңбек жолымды Қарқаралыдағы академик О. А. Жәутіков атындағы № 1 орта мектебінде экология пәнінің мұғалімі, АӘД және ұйымдастырушы педагог болып бастадым. Содан кейін ауданның білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің әдіскері, бас маманы болып жұмыс істедім, аудандық Жастар ресурстық орталығының басшысы болдым. 2020 жылы Балқантау ауылдық округінің әкімі болып сайландым.

Әкім қызметіндегі алғашқы жылы Аслан Рахымбергенов тұрғындарды ұялы байланыспен және интернетпен қамтамасыз етті. Өткен жылы ұзындығы 9,6 км Қарабұлақ ауылына кіреберіс жолды жөндеу басталды.

– Бұл аудандық маңызы бар жол. Оның күйі өте жаман болды. Осыған байланысты Егіндібұлаққа қатынайтынн автобустар бізге бұрылмайтын. Тұрғындар кейде ауылға дейін 9 шақырымнан астам жаяу жүруге мәжбүр болды, – деп атап өтті әкім. – Өткен жылы біз 1,8 км жөндедік. Биыл жұмысты аяқтауды жоспарлап отырмыз.

Болашақта ауылдық округ басшысы Айнабұлақ бөлімшесіне дейін грейдерлік жол салуды жоспарлап отыр. Оның ұзындығы – 5,7 км.

– Қыста боран соққан кезде Айнабұлақ үнемі қар құрсауында қалады. Адамдарға обал, – деді әкім. – Егер мен байқаудың республикалық кезеңінде жеңіске жетсем, жол салу үдерісі жеделдейді. Байқау ережелеріне сәйкес жеңімпазға бір жобаны жүзеге асыруға көмек көрсетіледі.

Сондай-ақ, Балқантау ауылдық округінде әкімнің бастамасымен кәсіпкерлікті дамыту үшін гранттар беру ұйымдастырылды. Гранттық қаражатты шаруа қожалықтарының басшылары бөледі. Осының арқасында өткен жылы екі бастаушы кәсіпкер қаржылай қолдау алды. Олар наубайхана мен ателье ашты.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button