Қарағанды облысында ТЖ режимін бұзу бойынша 447 дерек анықталды

Қарағанды облысында құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін барлық полиция қызметкерлері, Ұлттық ұлан мен ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері күшейтілген режимде қызмет атқаруға көшірілді. Өңірдің елді мекендерінде шығу және кіру жолдарында блок-бекеттер ұйымдастырылған.

 

ТЖ режимін жариялау кезеңінде полиция қызметкерлері 447 тәртіп бұзушылықты анықтады. Әкімшілік қамауға 31 бұзушы тартылды. Тыйым салынған 17 зат, оның ішінде 9 тегіс ұңғылы мылтық тәркіленіп, есірткі заттарын сақтаудың 6 фактісі анықталды.

Қарағанды облысының полиция департаменті тұрғындарға төтенше жағдай режимін түсінгені үшін алғыс айтып, барлық талаптарды сақтауды сұрайды.

Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша