Жаңалықтар

Қарағанды облысында ұшақ апатқа ұшырады

Қарағанды облысында оқу-жаттығу ұшуы кезінде P2002 типті UPLA286 ұшағы апатқа ұшырап, екі адам қаза тапты.

 

Оқиға бүгін, 30 қыркүйек күні сағат 08.44-те Үштөбе ауылында Балапан оқу-жаттығу алаңында болған. Қираған ұшақ Доскей ауылынан 5 шақырым жерден табылған.

– Сағат 07:46-да ұшқаннан кейін ұшақ экипажы байланысқа шықпады. Іздестіру жұмыстары кезінде екі адамның қаза тапқаны анықталды. Көлік министрлігінің оқиғаларды тергеу департаменті осы факті бойынша тергеуді бастады, – делінген Азаматтық авиация комитетінің хабарламасында.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button