Қарағанды облысында мыңдаған шөлмек заңсыз алкоголь тәркіленді
Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті заңсыз алкоголь өнімінің айналымын анықтау және жолын кесу мақсатында кезекті рейдтік іс-шаралар жүргізді.
Шара барысында қаладағы базарлардың бірінің аумағында заңсыз алкоголь өнімдерін сатумен айналысқан тұлғалардың әрекеті анықталды. 2 млн.теңгеден астам сомаға сәйкестендірілмеген түрдегі тіркеу-бақылау таңбалары бар әртүрлі атаудағы 1 079 шөлмек алкогольдік өнімдер, сондай-ақ, 355 литр спирттік сұйықтық тәркіленді.
Барлық фактілер бойынша әкімшілік іс қозғалып, материалдар сотқа қарауға жіберілді. Заң бұзушылардан аталған тауарлар тәркіленіп, алкогольдік ішімдіктерді сату лицензиясынан айырумен бірге ірі көлемде айыппұл салынады.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ