Жаңалықтар

Қарағанды облысында бір тәулікте 200 адам індет жұқтырған

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус ауруының 1650 жаңа жағдайы тіркелді.  Қарағанды облысында жаңа ауырғандар – 200, облыс “жасыл” аймақта орналасқан. Пандемия басталғаннан бері 2022 жылғы 10 тамыздағы жағдай бойынша COVID-19 расталған 158 044 жағдай тіркелді.

Фото: Қарағанды облысы Ішкі саясат басқармасынан алынды

Ағымдағы жылдың 10 тамызында Қарағанды өңірінде бірінші компонентпен вакцинациямен қамту 71,2%-ды құрайды, яғни 727 227 адам егілді, бұл жалпы халық санының 60%-ын құрайды. Вакцинациялауға жататын контингенттің жалпы санының екінші компонентімен 66,5% немесе 679 774 адам егілді, бұл жалпы халық санының 56,1%-ы.2021 жылғы 22 қарашадан бастап тек 257 369 адам ревакцинация алды – бұл оған жататын халықтың 54,2%-ы.2022 жылғы 25 мамырдан бастап өңірде қайта ревакцинация басталды.

2022 жылдың 10 тамыздағы мәліметтер бойынша 27 976 адам егілді, бұл қамтылуы тиіс тұрғындардың 56,7%.”Ұжымдық иммунитетке” қол жеткізу үшін облыс тұрғындарының кемінде 70% егілуі тиіс екенін еске саламыз, осыған байланысты COVID-19-ға қарсы вакцинация мен ревакцинация алуды ұсынамыз.

Басқа материалдар

Back to top button