Жаңалықтар
Қарағанды облысында аптап ыстық күтілуде
Аймақта алдағы 3 күнде аптап ыстық болады. Қазгидрометтің болжамы бойынша термометр бағаны +34…36°С-қа дейін көтеріледі.
Қарағанды қаласында ертең +34°С ыстық болады деп күтілуде. Ал, Ақтоғай, Абай, Қарқаралы, Нұра, Осакаров және Шет аудандарында ауа температурасы +30°С-тан түспейді.
Ал, 12 шілдеде термометр бағаны Қарағандыда +34°С, 13 шілдеде +37 °С-ты көрсетеді деп күтілуде.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz