Қарағанды облысында 10 мыңға жуық зейнеткер жұмыс істеп жүр
Елімізде зейнет жасында болса да жұмыс істеп жүрген жандардың қатары көбейген. Ресми мәліметке сүйенсек, елімізде 2 миллионнан аса зейнеткер бар. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет зейнет жасына толғаннан кейін жұмыс істей ме, жоқ па, ол жағын өздері біледі деп отыр, деп хабарлайды Оrtalyq.kz halyq-uni.kz сайтына сілтеме жасап.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, жұмыс істейтін 65 жастан асқан зейнеткерлердің саны 27 пайызға өскен. Жұмысқа тәуелді қариялардың ең көбі Қостанай облысында тіркелсе, Ақмола облысында 20 мың қарт еңбекке тәуелді, Қарағанды облысында 10 мыңға жуық зейнеткердің тұрақты табысы бар. Ал, Батыс Қазақстан мен Түркістан облысында, Астана мен Шымкент қаласында еңбек етіп жүрген зейнеткер некен-саяқ.
– Елімізде зейнетке шыққан азаматтар жұмыс берушінің өз ынтасына қарай жұмысын жалғастыра алады. Яғни, әрбір жұмыс беруші зейнетке шыққан азаматтардың ары қарай жұмыс істеу-істемеуін өздері шешеді, – дейді Сәкен Ділдахмет.
Ranking.kz порталының хабарлауынша, 2022 жылдың үшінші тоқсанының қорытындысы бойынша зейнет жасындағы 82,7 мың адам әлі жұмыс істеп жүр.