Қарағанды облысында 1 мамыр қалай тойланады?
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні Қарағанды облысының тұрғындары мен қонақтарын мерекелік концерттерге, спорттық жарыстарға, көрмелерге және басқа да мәдени-бұқаралық іс-шараларға белсенді қатысуға шақырамыз. Негізгі іс-шаралар облыс орталығында өтеді.
29, 30 сәуір
Қ. Байшолақов атындағы спорт кешені, 10:00
Қазақ күресінен “Сарыарқа Батырлары” республикалық турнирі.
30 сәуір
“Молодежный” мәдениет үйі, 11:00
“Ынтымағы жарасқан – Қазақстан” мерекелік концерті.
1 мамыр
Орталық мәдениет және демалыс саябағы
12:00–16:00
“Қазақстан – достық мекені” мерекелік іс-шарасы.
Күні бойы
“Шебер” ҚБ қолданбалы өнер көрмесі.
“Киіз үйдегі кітапхана” мерекелік көрмесі
Жаңа Майқұдық Мәдениет үйі, 12:00
“Бір шаңырақ астында!”.
“Молодежный” мәдениет үйі, 12:00
“Бірлігіміз жарасқан”.
“Литейщик” стадионы, 10:00
2008–2009 ж. т. жасөспірімдер арасында футболдан БЖСМ ашық біріншілігі.