Қарағанды облысы Әділет департаменті алқасының кезекті отырысы өтті
Қарағанды облысының Әділет департаменті биылғы жылдың бірінші жарты жылдығында атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша кезекті алқа отырысын өткізді.

Алқа отырысына нотариаттық палатасының төрайымы А.Бексұлтанова, Қарағанды облысы жеке Сот орындаушылары аймақтық палатасының Әдеп жөніндегі уәкілі М.Исакова, Әділет департаменті басшысының орынбасарлары мен бөлім басшылары қатысты.
Отырыс барысында департамент башысының орынбасарлары мен құрылымық және аумақтық бөлім басшылары 2023 жылдың І жарты жылдығында атқарылған жұмыстар жөнінде баяндама жасады.
Отырыс қорытындысы бойынша департаментінің басшысының міндетін атқарушы Рахмет Базылов белгілеген мақсаттарды жүзеге асыру департамент қызметін жақсарту бойынша нақты тапсырмалар берді.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
ortalyq.kz



