Қарағанды

Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясымен «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының ережелерінің жүзеге асырылуы туралы

«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының қабылданған кезінен екі жыл өтті.

Заң ережелері аймақтардағы сыртқы мемлекеттік аудит органдары ретінде тексеру комиссияларынан аудиторлық, сараптау-талдамалы қызметті ұйымдастыруда және қаржылық бақылауды жүзеге асыруда ықпалдың түбегейлі өзгеруін талап етіп отыр.

Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясымен Заңның 13-бабымен белгіленген құзыретін жүзеге асыру аясында мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудың негізгі қағидаттарының орындалуы қамтамасыз етіледі, аудитті қатаң тәртіпте Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сәйкес жүргізу жөніндегі талаптар дәйекті түрде іске асырылуда, аудиторлық іс-шараларды ұйымдастыруда амал-тәсілдер жетілдірілуде.

Сәйкестік аудитін жүргізудегі акценттер тиімділік аудитімен араластырылуда. 2013 жылы тиімділік аудитінің типі бойынша іс-шаралар үлесі 30%-ды құраса, 2016-2017 жылдары – 90%-дан жоғары көрсеткішті құраған.

Сараптау-талдамалы қызмет жетілдірілуде және оның саласы ауқымын кеңейтуде. Облыстық және жергілікті бюджеттердің  атқарылуын кезекті жыл сайынғы бағалаумен қатар, Заңның 28-бабының талаптарына сәйкес және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетімен бекітілген Стандарттың негізінде, бүгінгі таңда бюджеттердің атқарылуының ағымдағы бағалауы да жүзеге асырылуда.

Осылайша, ағымдағы жылы тоқсан сайынғы негізде облыстық бюджеттің атқарылуына бағалау жүргізілуде, бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша тоғыз аудандық (қалалық) бюджеттердің атқарылуына талдау жасалды. Жүргізілген бағалау нәтижелері нақты ұсынымдарымен және тапсырмаларымен облыстың тиісті аймақтарының әкімдері мен мәслихаттарына жолданды.

Бүгінде аудиторлық есептер мен тұжырымдарда қолданыстағы заңнамадан ауытқу фактілері тіркеліп қана қоймай, аудит объектілерінде анықталған кемшіліктер мен бұзушылықтардың себеп-салдар факторларына талдау жасалады. Бұл – тексеру комиссиясының аудиторлық қызметін бұзушылықтар фактісін көрсетуден оларды ескертуге қайта бағдарлау нәтижесі.

Тексеру комиссиясы қызметінің маңызды бағыты болып қаржылық бақылау қалуда, соның аясында аудит нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген тұлғалардың жауаптылығын қарау туралы нұсқамалар шығарылады; құқық қорғау және сот органдарымен, ішкі мемлекеттік аудит департаментімен тығыз өзара әрекеттесу іске асырылуда.

Тексеру комиссияларына өңірлерде қаржылық тәртіпті нығайту үшін жергілікті бюджет қаражатын, мемлекет және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін пайдалану және басқару тиімділігін арттыру бойынша Заңмен қойылған мақсаттарға қол жеткізу аудиторлардың жоғары кәсіпқойлығын талап етеді. Тексеру комиссиясының мүшелері, аудиторлық блоктың және сапаны бақылау бөлімінің 26 қызметшісі мемлекеттік аудитордың сертификатын, екеуі – жоғары санаттағы аудитордың сертификатын иемденген.

Алда тексеру комиссиясының алдына «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңымен белгіленген жаңа міндеттердің шешімі қойылған.

Бұл – қоршаған ортаны қорғау, ақпараттық технологиялар саласындағы тиімділік аудитінің, жергілікті бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігінің және бюджеттік бағдарлама әкімшілері мен мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігінің аудитін жүргізу болып табылады.

Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button