Қарағанды

Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы болып Нұркен Қобжанов сайланды

Енді Қарағанды облыстық мәслихатын Бұқар жырау ауданының әкімі болып жұмыс істеген Нүркен Қобжанов басқарады. Оның кандидатурасын VIII шақырылымның бірінші сессиясында жаңадан сайланған депутаттар бірауыздан мақұлдады. Заңнамаға сәйкес өкілді органға ауысуына байланысты Нұркен Қобжанов аудан басшысы қызметінен кетеді.

– Мемлекеттік қызметте шамамен 17 жыл жұмыс істедім. Халықтың проблемаларын білемін, бұл мәселелерді өкілді органда шешуді шештім. Бүгін отставкаға кету туралы өтініш беремін, – деді Нұркен Қобжанов.

Бірінші сессия сайлау қорытындыларын жариялаудан басталды.

Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Қайрат Нүркеновтың айтуынша, өңірде барлық деңгейдегі мәслихаттардың 214 депутаты сайланған.

Алғаш рет облыстық мәслихатқа сайлау пропорционалды мажоритарлық жүйе бойынша өткізілді. 36 орынның жартысын бір мандатты округтер бойынша сайланған депутаттар иеленді. Және 18 мандат партиялық тізімдер бойынша бөлінді.

Сайлау нәтижесінде Қарағанды облыстық мәслихатының құрамы жаңартылды. Алдыңғы шақырылымнан сегіз адам депутаттық өкілеттіктерін сақтап қалды.

Сессияда жаңадан сайланған депутаттарға куәліктер табысталды.

Содан кейін облыстық мәслихаттың төрағасы сайланды. Сондай-ақ, депутаттар тұрақты комиссияларға бөлініп, олардың төрағаларын сайлады.

Депутаттарға облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев жүгінді. Өңір басшысы бірлесіп шешілетін міндеттерді белгіледі. Басымдықтардың қатарына жұмыспен қамту, шағын және орта бизнесті дамыту, қолжетімді баспана, сапалы денсаулық сақтау және білім беру жатады.

– Ағымдағы жылы біздің алдымызда 10 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құра отырып, жалпы өңірлік өнімді 2,4%-ға ұлғайту міндеті тұр. Ол үшін 147 млрд теңгеге 11 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Сайлаушылар сіздердің алдарыңызға шешуді қажет ететін бірқатар мәселелер қойды. Бірлескен күш-жігердің арқасында біз өңірдің одан әрі дамуын қамтамасыз етіп, тұрғындарымыздың өмір сүру сапасын арттыратынымызға сенімдімін! -– деп атап өтті Ермағанбет Бөлекпаев. 

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button