Қарағанды қоқыстан қашан арылады?
Қарағанды қаласының әкімі Мейрам Кожухов қаланы қыс бойы жиналған қоқыстардан тазарту жоспарымен бөлісті. Қала басшысының айтуынша келеңсіздікті бір айдың ішінде жою жоспарлануда. Сондай-ақ әкім тұрғындарды алдағы ұйымдастырылатын сенбіліктерге белсене қатысуға шақырды.
– Қазірдің өзінде коммуналдық мекемелер қоқыстарды тазалауға кірісіп кетті. Жолдарда пайда болған шұңқырларды жөндеу жұмыстарын жүргізіп, жолдар мен жаяу жүргіншілерге арналған жолдардағы қыс мезгілінде төгілген қоқыстарды тазалаймыз. Ауа райы қолайлы болса, жол жамылғысын және жаяу жүргіншілер жолын, қоршауларды, аялдамалар павильондарын жууды бастаймыз. Алдағы бір айдың ішінде қаланы ретке келтіруіміз керек, – деп жазды қала әкімі өзінің Instagram парақшасында.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ