Қарағанды мектептері мен балабақшаларында жаңа жылдық ертеңгіліктер қалай өтеді?
Қарағанды қаласының білім бөлімі ЖРВИ мен қызылшаның жаңа жағдайларының тіркелуіне байланысты топтар мен сыныптардың бірігуімен жаңа жылдық ертеңгіліктерді өткізуді шектеу маңызды екендігін түсіндірді.

– Балабақша тәриеленушілері мен мектеп оқушыларында ішек инфекцияларының немесе уланудың алдын алу үшін ертеңгіліктерді тәттілерсіз және мерекелік үстелдер ұйымдастырмай өткізген дұрыс. Бұл балалардың тез бұзылатын және кремі бар кондитерлік өнімдерді, салаттар мен консервілерді жеу қаупін жояды. Білім беру нысандары жеке гигиена ережелерін сақтау үшін барлық жағдайларды қамтамасыз ету керек.
Жаңа жылдық іс-шараларды өткізуге тыйым салынбайды, бірақ оларды ұйымдастырған кезде осы кеңестерді ескеру қажет. Білім беру ұйымдарының директорларына қамқоршылық кеңеспен, ата-аналармен және оқушылардың ажағдайын ескере отырып, іс-шараларды өткізу нысандары туралы шешім қабылдауды ұсынамыз, – дейді Қарағанды қалалық білім бөлімінің мамандары.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ