Бас тақырыпЖаңалықтар

Қарағанды өңірінің жастары ірі кәсіпорындарда жұмыс істеуге мүдделі

Қарағанды қаласының Орталық саябағында жастар үшін ұйымдастырылған «Мүмкіндіктер алаңы» бос жұмыс орындарының облыстық жәрмеңкесі өтті. Шара барысында 80-нен астам жұмыс беруші мекеме-кәсіпорындар жас мамандарға жан-жақты ақпараттар берді.

Орталық саябаққа келген жұмыс іздеуші жас мамандардың қарасы қалың. Айнала тізілген жұмыс беруші мекеме-кәсіпорын, компанияларды аралай жүріп, өздеріне қажетті ақпараттарды алды. Жігерлі жастардың талғамы да бөлек. Оның үстіне еңбекақыға баса көңіл аударуда. Жастардың басым бөлігін кенді өлкедегі ірі кәсіпорындар қызықтырды. Қажетті мамандықтар тізбесі жазылған тақта маңында да арнайы анкета толтырып, өз ұсыныстарын жазып жатқандары да жетерлік. Солардың бірі – Сәкен Дәулет. Программист. Бұл мамандыққа сұраныстың жоғары екенін айтып, өзі туралы барлық ақпаратты қалдырды. Өзіне сенімді жас маман жоғары еңбекақы қажет екендігін жеткізді.

– Жәрмеңкенің өтетіндігі туралы хабарландыруды Жастар ресурстық орталығының инстаграм парақшасынан көрдім. Қарағанды техникалық университеті жанындағы инновациялық технологиялар колледжін техник-программист мамандығы бойынша бітіргенмін. Жұмыс іздеп келдім. Жақсы ұсыныстар түсіп жатыр. Бұған дейін «Шұбаркөлде» жұмыс істегенмін. Ондағы жалақым 250 мың теңге болды. Ендігі мақсат – одан да жоғары еңбекақы ұсынатын жұмыс орынын қарастыру. Мен секілді жастар үшін бұл жәрмеңкенің берері мол. Уақыт жоғалтпайсың, барлық ұсынысты бірден қарап, таңдауға мүмкіндік болады, – дейді жұмыс іздеуші жас маман Ермек Сланбеков.

Сағыныш ӘБІЛ,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button