Бас тақырып

Қарағанды болашағына дауыс береді!

Бүгін Қарағандыдағы №65 дауыс беру учаскесі байқаушылардың бағалауы бойынша өңірдегі ең белсенді референдум қосындарының бірі. Таңертеңнен бастап қала тұрғындары Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі бойынша өз ұстанымдарын білдіру үшін учаскеге толастамай келуде. Әлбетте, республикалық референдумға қоғамдық қызығушылық деңгейі жоғары десек, жалған айтпаймыз. Күн соңына қарай болжалды келушілер саны шамамен 80%-ға жетуі мүмкін.  Жергілікті ұйымдастырушы тарап №65 учаске өз тұрғындарының белсенді азаматтық ұстанымымен танымал екенін растауда.

Суретті түсірген автор

Қатысушылар арасындағы сауалнама көптеген азаматтың  саналы түрде келгенін  айғақтайды.

– Жалпы халықтық референдум – тек маңызды шешім ғана емес, бұл біртұтас мемлекетіміздің жылнамасындағы тарихи сәт. Біз жаңа энергетикалық кезеңнің табалдырығында тұрмыз. Ал, «Табалдырықтан биік тау жоқ!».  Қарағанды өз болашағына дауыс береді! Мен өз таңдауымды жасадым! Референдум жұмысына сәттілік тілеймін! – дейді облыстық мәслихат депутаты Меруеш Башай.

Ерқанат КЕҢЕСБЕКҰЛЫ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button