Бас тақырыпОблыс әкімі

Қарағанды бидайы Еуропаға экспортталады

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов Осакаров ауданындағы астық жинау жұмыстарының барысымен танысып қайтты. Ол бірқатар шаруа қожалықтары мен дәнді-дақылдарды тазарту, құрғату және сақтау кешенін аралап шықты. 


Биылғы жылы Қарағанды облысының алқаптарында алғаш рет дәл егіншілік технологиясы жүзеге асырылды. Цифрлау әдістері «Найдоровское» ЖШС-де қолданылады. Бұл тәсіл өнімнің өзіндің құнын айтарлықтай жоғарылатпастан өнімділікті ұлғайтуға мүмкіндік береді. 550 гектар жерге қатты сұрыпты бидай тұқымы егілген, дәлірек айтар болсақ «австриялық дурум» сұрпы. Өлшеулер мен сараптамалар цифрлау бағдарламасы аясында тегін өткізілді. Сондай-ақ алқаптарда жердің температурасы мен ылғалдылығын көрсететін метеостанциялар орнатылған. Осының арқасында бір гектар жерден 50 центнер өнім жиналады деп күтіліп отыр. Шаруа қожалығының басшылығы қазірдің өзінде өнімді өткізу нарығын жоспарлап қойған. 
– Көрсеткіштер өте жақсы, мінездемелер де тамаша. Бүгінгі күннің өзінде бұл бидайға Италия мен Австрия тарапынан сұраныс бар. Сондықтан өнімді Еуропаға экспорттайтын боламыз. Бұл сұрыптың жұмсақ сортты бидайға қарағанда құны да жоғары. Мұнымен қоса егер біз қатты сұрыпты бидай өсіру бағытында дамитын болсақ, еліміздің солтүстік аймақтарымен бәсекелеспейтін боламыз, – дейді «Найдоровское» ЖШС жетекшісі Павел Лущак. 
Дәл егіншілік технологиясын жүзеге асыру шеңберінде С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ғалымдары кеңес беріп, зерттеулер жүргізген. Нәтижесінде сынамалы алқаптарда анағұрлым жоғары өнімділік байқалып отыр. Келесі жылы қатты бидай сұрыптары егілетін алқаптардың ауданы 5 есеге ұлғайтылмақ. 
– Егер өнімді өткізу жолдары болса, өнімділік жоғары болса, осы жаңа технологияға көшу қажет. Бәсекеге қабілетті дәнді-дақылдар өсіруге арналған алқаптардың ауданын ұлғайтыңыздар, – деп атап өтті Қарағанды облысының әкімі. 
Сондай-ақ аймақ басшысы «Ясная поляна» ЖШС-нің дәнді-дақылдарыды тазарту, кептіру және сақтау кешенінде болып қайтты. Мұнда неміс технологиясы мен құрылғылары пайдаланылады. Ауа-тор сепараторының өнімділігі сағатына 60 тоннаны құрайды. 
Ағымдағы жылы дәнді-дақылдар мен бұршақ дәнділерді жинау облыс бойынша 826 мың гектарды құрайды, оның ішінде 623,9 мың га, арпа 174,1 мың га, сұлы 17,9 мың га, бұршақ дәнділер 10,1 мың га және майлы дақылдар 17,1 мың га. 
Ауылшаруашылық құрылымдарында 9287 гектар алқаптардан картоп және 1442 гектардан көкөністер жинау көзделіп отыр. 
Облысымыздағы астық жинау жұмыстары 1-ші қазанға дейін аяқталады деп жоспарлануда. 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button