«Қарағанды-Балқаш» пойыз вагонының саны ұлғайды
Мамыр айының соңына дейін «Қарағанды-Балқаш» бағытына қатынайтын пойыз вагонының саны 8-ге дейін ұлғайтылды. Өндірістік қажеттілікке байланысты Қазақстан темір жолы әкімшілігі вагон санын уақытша ұлғайтуға шешім қабылдаған.
– Бұған дейін «Қарағанды-Балқаш» бағытына қатынайтын пойыз вагонының саны 4-еу болатын. Енді пойыз вагонының санын уақытша 2 есеге арттырып отырмыз. Бұл әрине, жолаушылар үшін тиімді. Дегенмен, бұл өзгеріс жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін ғана, – делінген Қазақстан темір жолы хабарламасында.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,