Қарағанды-Астана тас жолында ірі жол апаты орын алды
Кеше, 11 қаңтарда Қарағанды-Астана тас жолында «Toyota Camry», «Toyota Alphard» және «Man» жүк көлігінің қатысуымен ірі жол апаты орын алды. «Toyota Alphard» көлігінің жүргізуші ауыр жарақат алып, Астана қаласының емханасына жеткізілді.

– 11 қаңтар күні сағат 13.30-да Алматы-Екатеринбург автожолының 1128-ші шақырымында «Toyota Camry», «Toyota Alphard» және «Man» автокөліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Toyota Alphard» автокөлігінің 33 жастағы жүргізушісі медициналық көмекке жүгінді. Көлік құралдары қатты зақымданған. Абырой болғанда адам шығыны жоқ. Бұл факт полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Олардың нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады, – деді Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.