Қарағанды қаласының Құрметті азаматы атағы берілді
Еліміздің тәуелсіздік жолындағы тұңғыш қадамы, Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында «Молодежный» мәдениет үйінде салтанатты жиналыс пен қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерт өтті.
Шара аясында Қарағанды қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлесі үшін Қарағанды қаласының Құрметті азаматы мәртебелі атағы «Фемида» заң академиясының ректоры Жүнісов Бахытбай Жолжақсынұлына, Е.Бөкетов атындағы ҚарУ-дің ректоры, белгілі ғалым Дулатбеков Нұрлан Орынбасарұлына, Қарағанды қаласының “Белсенді ұзақ өмір сүру арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету орталығы” директорының орынбасары Уахитов Бекен Уахитұлына табыс етілді.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ