Бас тақырыпЖаңалықтар

Қарағанды қаласында 6 айда 1001 киберқылмыс тіркелді

Бүгін қалалық мәслихат депутаттары Қарағанды қаласы полиция басқармасының бастығы Шахназар Салинмен, Қарағанды облысы полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасының бастығы Ислам Мусинмен, Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Ләззат Ақылжановамен кездесті. Кездесу тақырыбы – киберқылмыс.

2023 жылдың 1 жартыжылдығында Қарағанды қаласы бойынша барлығы 1001 алаяқтық тіркеліп, аталған қылмыс саны 21,8%-ға өскен. Оның 277-і ауыр қылмыстар санатында. Өсім – 30,7%. Сондай-ақ, орташа дәрежедегі 469 алаяқтық тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 22,8%-ға жоғары. Құзырлы орган өкілдері одан бөлек, 148 ұсақ алаяқтық тіркелгенін де айтады. Өткен жылы бұл көрстекіш те 5%-ға төмен болған.

Айта кету керек, 2022 жылы 822 алаяқтық тіркелген. Оның 576-ы – орташа ауырлықтағы, 141-і – жеңіл дәрежедегі алаяқтық.

Салтанат ІЛИЯШ,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button