Шахтадағы апат: Қарағандыға дәрігерлер тобы жіберіледі

Денсаулық сақтау министрлігі зардап шеккендерге консультациялық көмек көрсету үшін Қарағандыға дәрігерлер тобын жібереді.

Топ құрамында токсиколог, травматолог-ортопед және нейрохирург бар жоғары дәрежелі мамандар бар.

Қазіргі уақытта 18 адам Мақажанов атындағы көпбейінді ауруханаға жеткізілді, оның 17-сі стационарлық емдеуге жатқызылды, 1 зардап шегуші амбулаториялық емделуде.

Жеңіл және орташа ауырлықтағы 15 адам аурухананың токсикология бөлімшесінде емделуде. 1 адам реанимация бөлімшесінде, жағдайы ауыр.

Жағдайы орташа ауырлықтағы тағы 1 адам травматология бөлімшесінде медициналық көмек алады.

Ербол ЕРБОЛАТ,

ortalyq.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.