Қарағайлы байыту фабрикасына айыппұл салынды

2022 жылғы 15 желтоқсанда Қарағанды облыстық экология департаменті ZOOM платформасында «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Қарағайлы байыту фабрикасына қатысты тексеру нәтижелері тақырыбында кеңес өткізді, деп хабарлайды Оrtalyq.kz экология департаментіне сілтеме жасап.   

 Тексеру нәтижелері бойынша атмосфералық ауаға шекті жол берілетін шығарындылар нормативтерінің асып кетуі, аспирациялық қондырғыларды пайдалану қағидаларының бұзылуы, қалдықтарды осы мақсаттар үшін белгіленген орындардан тыс орналастыру анықталды.

Профилактикалық бақылау қорытындысы бойынша 3 184 307 теңге сомасына 3 әкімшілік айыппұл салынды.

Оrtalyq.kz