«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Қарқаралы ауданында екі жыл ішінде заманауи медициналық пункттер, дәрігерлік амбулаториялар мен ФАП-тардың он жеті нысанын салу жоспарлануда. Бұл туралы Қарқаралы ауданының әкімі Әділжан Арғынов айтты.
– Ауылдық денсаулық сақтаудың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін биыл Татан, Томар және Ақжол ауылдарында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункттер пайдалануға берілді. Биыл және келесі жылы 17 медициналық нысан салу жоспарлануда. Бұл үш дәрігерлік амбулатория, үш фельдшерлік-акушерлік пункт, 11 медициналық пункт, – деді Әділжан Арғынов.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz